«Қорқынышты күнді еске алу оңай емес»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі желіде жазба жариялады

Қандай себеп болмасын, құрбанды кінәлауға болмайды.

Наурыз 29, 2024 - 09:47
Наурыз 29, 2024 - 09:48
«Қорқынышты күнді еске алу оңай емес»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі желіде жазба жариялады
фото: kazpravda

Қуандық Бишімбаевтың экс әйелі Назым Қахарман желіде жазба жариялап, сотқа қатысты пікір білдірді.

Ол Салтанат Нүкенованың жақындары үшін қазір қиын кезең басталғанын айтып, оларға сабырлық тіледі.

«Сот басталды. Біз де оны қадағалап отырмыз. Осы күнге дейін сіздермен біраз тілдесіп, бірқатар сұрақтарға жауап бердім. Алайда енді біз үнсіз қалсақ деп отырмыз. Әлі сырласып үлгереміз. Уәде беремін. Салтанаттың туғандары мен жақындарына күш-қуат пен сабырлық тілегім келіп тұр. Қазір олар үшін қиын кезең. Сол қорқынышты күнді қайта еске алу оңай емес», - деп жазды ол. 

Сонымен қатар Назым Қахарман сол күні күш те, билік те Бишімбаевтың қолында болғанын айтты.

«Әйелдер мен балаларға зорлық көрсетіп, адамның өмірін алуға жол жоқ. Қандай себеп болмасын, құрбанды кінәлауға болмайды. Сол күні билік те, күш те соның қолында еді. Демек таңдау мен жауапкершілік те соның мойнында», - деп жазды Бишімбаевтың бұрынғы әйелі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow