Қосшыда автобус түгі қалмай жанып кетті
Бүгін таңертең Қосшы қаласындағы мектептердің бірінің маңында жолаушылар автобусы отқа оранды. Тілсіз жау шамамен 10 шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды 24kz.
«Бүгін Қосшы қаласында мектептердің бірінің аумағында жолаушылар автобусынан өрт шықты. Өрттің аумағы 10 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау жедел түрде ауыздықталды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», – деп мәлімдеді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.
Төтенше жағдайлар департаменті кез келген төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласу қажеттігін ескертті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0