Қожамжаровтың жақын серіктерінің бірі Мақсат Дүйсенов Германияда ұсталды

Қыркүйек 24, 2025 - 10:44
app_badging Қыркүйек 24, 2025 - 11:08
chat_bubble  0 visibility  25
Қожамжаровтың жақын серіктерінің бірі Мақсат Дүйсенов Германияда ұсталды

Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсенов Германияда қолға түсті. 

«ҚР ІІМ Интерпол ҰОБ сұрауы бойынша ФРГ-ның Фюрт қаласында халықаралық іздеуде жүрген азамат Д. ұсталды. Іздестірілуші тұлға неміс құқық қорғау органдары тарапынан Интерпол желісі бойынша халықаралық ынтымақтастық аясында анықталып, қамауға алынды. ҚР ІІМ шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты белсенді түрде жалғастыруда, жазадан бұлтартпау қағидатын қамтамасыз ету мақсатында шетелдік әріптестермен бірлескен жұмыстар жалғасатын болады», – деп хабарлады Қазақстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Кейбір деректер бойынша, ол ұсталу кезінде жалғыз болмаған.

Еске сала кетсек, Дүйсеновке бұған дейін іздеу жарияланған болатын. Іздестіру ісін тамыз айының соңында Алматы қаласының Алмалы аудандық полиция басқармасы тіркеген болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0