«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» монетасы айналымға шықпақ
Ұлттық банк "Мифтер, аңыздар, әзіл әлемі" сериясы аясында "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" коллекциялық монетасын айналымға шығарады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Коллекциялық монетаның дизайны қазақтың "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" дастанының желісі бойынша әзірленген. Аталған шығарма қазақ фольклорындағы мәңгілік махаббат пен адалдықты дәріптейтін құнды мұралардың бірі саналады.
Монета мельхиор қоспасынан (МН 25) жасалған. Оны дайындау кезінде тампонды баспа технологиясы қолданылған.
Монетаның негізгі сипаттамалары:
- номиналы – 200 теңге;
- массасы – 15 грамм;
- диаметрі – 33 мм;
- сапасы – "brilliant uncirculated";
- таралымы – 7 мың дана.
Коллекциялық монетаны Ұлттық банктің интернет-дүкенінен сатып алуға болады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0