«Криминалды насихаттамайды»: Ақан Сатаев қырғыз билігіне үндеу жолдады (ВИДЕО)

Ақпан 21, 2025 - 17:30
Ақпан 21, 2025 - 17:31
«Криминалды насихаттамайды»: Ақан Сатаев қырғыз билігіне үндеу жолдады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Қазақстандағы режиссер Ақан Сатаев түсірген «Рэкетир: Жаңа заман» фильмі Қырғызстанда прокаттан алынды. Осыған байланысты фильмнің түсірілім тобы ресми мәлімдеме жасап, көрші елдің көрермендерінен кешірім сұрады, деп хабарлайды sadaq.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

«Өкінішке қарай, бізге байланысты емес себептерге байланысты «Рэкетир: Жаңа заман» фильмі Қырғызстандағы барлық кинотеатрдан алынды. Бұл жағдайға байланысты бауырлас елдің көрермендерінен шын жүректен кешірім сұраймыз. Бірақ барлық мән-жай анықталғаннан кейін, фильм Қырғызстанның үлкен экрандарына қайта шығады деп үміттенеміз» – делінген мәлімдемеде.

Фильм режиссері Ақан Сатаев қырғыз халқы фильмді көре алады деген үміт танытты.

«Біз бүін «Рэкитир 3» фильмі прокаттан алынды деп естідік. Бұл ақпарат бізді алаңдатты. Оған не себеп болғанын түсінбедік. Қазір интернетте жүрген алып-қашпа әңгімелер бізге жетіп жатыр. Оның бірі біздің фильм қылмыс, криминалды насихаттайды деген. Бұл мүлдем олай емес. Біз керісінше, осындай іспен айналысқан адамның ақыры бір екенін көрсетуге тырыстық», - деді Ақан Сатаев.

Ал фильмде басты рөлді ойнаған актер Саят Исембаев халық арарында аталған фильмге қырғыз елінің қылмыс әлемінің серкесі Қамшыбек Көлбаевтың ұлы Руслан Көлбаевтың қатысы бар деген сөз тарады дейді.

«Бұл фильмге Русланның ешбір қатысы жоқ. Ол қалғандары сияқты шақыртумен келген адам. Мен Қырғыз елінің билігін біздің мәселеге түсіністікпен қарауға шақырамын. Қырғыз бауырлар бұл фильмді ұзақ күтті. Оларға сеанс қайта ашылып, фильм көрсетіледі деп ойлаймын», - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от РЭКЕТИР 3 (@racketeer.3)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow