Құрбан айт намазының кестесі жарияланды

Құрбан айт – мұсылман қауымы үшін қасиетті мейрамдардың бірі.

Маусым 11, 2024 - 14:14
Маусым 11, 2024 - 14:15
 0  144
Құрбан айт намазының кестесі жарияланды
фото: aikyn.kz

Биыл Құрбан айт мейрамы 16 маусымда басталады. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері Құрбан айт намазының кестесін жариялады. 

Діни басқарма ұсынған кесте бойынша, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Құрбан айт намазы 6:00-де оқылады. 

2024 жылғы Құрбан айт намазының кестесі: muftyat.kz

Айта кетейік, Құрбан айт – мұсылман қауымы үшін қасиетті мейрамдардың бірі. Бұл күні құрбандық шалынып, дұға-тілек жасалады. Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Бұл амал арқылы адамның ішкі ниеті, шынайы пейілі, дініне бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0