«Құдай саған ұят бермепті»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға жауап берді(ФОТО)
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбекова мен оның бауыры Бағым Мұхитденованың арасындағы дауға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ол бұл туралы желідегі парақшасында жазды.
«Сен менің үздік шәкіртім болдың! Мен саған басқа қыздарға қарағанда көбірек күш салып, барымды бердім. Бірақ Құдай бәріне ұят таратқанда сені ұмытып кеткен сияқты», – деді Баян Мақсатқызы.
Айта кетейік, продюсердің бұл жазбасына Мөлдір Әуелбекованың бұған дейін айтқан сөзі себеп болған. Жақында әнші желіде ұстазы Баян Мақсатқызымен татуласу мүмкіндігіне қатысты қойылған сұраққа «Құдай сақтасын, беті аулақ» деп жауап берген. Осыдан кейін музыкалық продюсер Бағым Мақсатқызы әлеуметтік желіде Мөлдірге арнап жазба жариялап, өз шындығын жеткізді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
1
Жарайсың
0