Құлсарыда мектеп дәлізінде балтамен жүрген жасөспірім ұсталды
Желіде Құлсарыда түсірілген видео тарады. Видеодан қолына балта ұстаған оқушының мектеп дәлізінде жүгіріп жүргенін, болжам бойынша, бір баланы қуып бара жатқанын көруге болады, деп хабарлайды sadaq.kz.
"5 ақпанда 102 арнасына Құлсары қаласында 10-сынып оқушысы құрдастарымен арада болған жанжалдан кейін оларға шабуыл жасап, мектеп аумағынан шығып кеткені туралы қоңырау түскен. Оқиға салдарынан екі оқушы жеңіл жарақат алды", - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, полиция қызметкерлері қоңырау түскеннен кейін бірден оқиға орнына жеткен. Жасөспірім анықталып, ұсталған. Оқиғаға қатысушылардың барлығы, сондай-ақ олардың ата-аналары полицияға жеткізілді.
"Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 15 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды және ішкі істер органдарында есепке алынды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдауға Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жіберілді. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеудегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғалды. "Қылмыстық істің аясында білім беру бөліміне қылмысқа түрткі болған себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс енгізілді. Тергеу нәтижелері бойынша білім беру мекемесінің лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ білім беру мекемесін күзеткен күзет агенттігі қызметкерлерінің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", - деп атап өтті Атырау облыстық полиция департаменті өкілдері.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0