Құлсарыда жарылыс болып, 2 адам көз жұмды

Атырау облысының Жылыой ауданындағы «Ниет» жанармай құю станциясында болған жарылыс салдарынан 14 адам зардап шекті.
Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, Зардап шеккендердің ішінде төрт бала бар. Олардың барлығы аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.
Алғашқы тексеруден және қажетті диагностикадан кейін 10 науқас ауруханаға жатқызылды. Төрт адам амбулаториялық бақылауда. Қазіргі уақытта ауыр реанимациялық науқастар жоқ, – деді басқарма өкілдері.
Медициналық мекеменің мәліметінше, жетеуі орташа ауыр жағдайда, ал үш пациенттің жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төндіретін асқынулар жоқ.
Жарылыстан кейін Атырау қаласынан арнайы күйік орталығының мамандары шақырылып, зардап шеккендерге кәсіби көмек көрсетілуде. Облыс әкімі Серік Шапкеновтің тапсырмасы бойынша барлық қажетті шаралар қолға алынған.
Еске сала кетсек, жарылыс кезінде бірнеше құрылыс нысаны, оның ішінде газ құю бекеті мен екі қабатты ғимарат жанып кеткен болатын. Оқиға орнына 60 маман мен 10 техника жұмылдырылды.
Қазіргі таңда өрттің себебі анықталып жатыр, тергеу мен қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
Сіздің реакцияңыз қандай?






