«Құпиямыз болып қалды»: Актер «Балапан» арнасының экс-продюсерінен зорлық көргенін айтты
Жас актер Нұрғали Нұғман бірнеше жыл бұрын "Балапан" телеарнасында жұмыс істеген продюсер тарапынан зорлық көргенін айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оның айтуынша, ол балалар арнасында продюсер болып жұмыс істеген туысының көмегімен кино мен сериалдарға түсе бастаған.
Бір түсірілім күнінен кейін әлгі ер адам кабинетінде алып қалып, сексуалдық сипаттағы зорлық көрсеткен.
"Мен ол кезде кішкентай бала болдым. Қорыққаным соншалық, не істерімді де білмедім. Ол істейтінін істеп болған соң “Егер біреуге айтсаң, енді кино мен сериалдарға түсе алмайсың” деп қорқытты. Осылайша бұл біздің құпиямыз болып қалды", – дейді ол.
Актердің сөзінше, бұл жағдай оған ауыр психологиялық соққы болып, тіпті суицид жасауға дейін жеткізген. Алайда қазір ол осы оқиға туралы ашық айтуға шешім қабылдаған.
Әлеуметтік желіде оқиға жарияланғаннан кейін желі қолданушылары продюсердің есімін жариялауды және оның балалармен әлі де жұмыс істеп-жұмыс істемейтінін анықтауды талап етті.
Осыдан он жыл бұрын Нұрғали Нұғман балалар рөлдерімен танылып, кинофестивальде "Үздік актер" номинациясын жеңіп алған. Қазір ол байер болып жұмыс істейді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0