«Бәрі де өткінші»: Нұрсұлтан Жақсыген сот үкімінен кейін жазба жариялады
Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыген сот үкімі шыққан күні әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ол TikTok парақшасында өзін қолдап, дұға тілеп жатқан жандарға алғыс білдірді.
«Бәрі уақытша, балапандарым. Алла қаласа, күшті болып ораламын! Жақсы көремін сендерді. Бұл да өткінші нәрсе, дұғаларыңызға ризамын. Иншалла, бәрі жақсы болады. Алла осылай қаласа, бір қайыр бар», – деп жазды Нұрсұлтан Жақсыген.
Айта кетейік, 16 қыркүйекте Алматы облысы Қарасай аудандық соты Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты үкім шығарды. Ол Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша, яғни масс-медиа, телекоммуникация желілері және онлайн-платформалар арқылы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот актерді 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды. Ол сот залында қамауға алынды. Сонымен қатар Жақсыгенге 5 жыл бойы журналистік, блогерлік және көпшілікке ақпарат таратуға байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды. Жәбірленушіге 5 миллион теңге моральдық өтемақы төлеу туралы шешім де қабылданды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0