Көкшетауда жарты миллиард теңгеге жөнделген кітапхана өртенді

Қаңтар 9, 2025 - 15:43
Көкшетауда жарты миллиард теңгеге жөнделген кітапхана өртенді
kaztag.kz

Көкшетаудағы екі қабатты Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми кітапханада өрт болды.

Бұл ғимаратқа жақында ғана 500 миллион теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген болатын.

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 10 шаршы метр аумақты қамтыған. Бірінші қабатта кітап сөресі тұтанып, өрт шыққан. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

"Өртке оранған ғимараттан кітаптар көшеге шығарылған. Фойеде де отқа зақымданған кітаптардың үйінділері жатыр. Өрттің салдарынан ғимараттың ішкі бөлігі қатты бүлінген, алдағы қалпына келтіру жұмыстарына қосымша қаражат қажет болуы мүмкін.

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми кітапханасы 2024 жылдың желтоқсанында күрделі жөндеуден кейін ашылған болатын. Жөндеу жұмыстарына бюджеттен 409 миллион теңге бөлінген, делінген ҚазТАГ редакциясы таратқан ақпаратта. 

Сонымен қатар, «Мемлекеттік сатып алу» порталындағы мәліметтерге сәйкес, 2023 жылы кітапхана басшылығы ғимаратты жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін қосымша тендер өткізген. Тендерді «KAZ СТРОЙ PLAST» ЖШС жеңіп алған, бұл жұмыстардың құны ҚҚС-ты қоса есептегенде 98,2 миллион теңгені құрады. Осылайша, кітапхананың күрделі жөндеуіне жалпы 500 миллион теңге жұмсалған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow