Лас ыдыс, жәндік, сүйек: Балаларға берілген тағам қоғамда наразылық тудырды

Желіде тараған видеодан балаларға сапасы өте төмен тағам беріліп жатқаны анық көруге болады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Видео авторының айтуынша, балабақшада балаларға құрт түскен ас пен күйіп кеткен тоқаш ұсынылған. Лас ыдыстар, ал оның үстінде жәндіктер жүр. Ет орнына сүйек берілген.
Талдықорған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының хабарлауынша, жарияланған видеоға байланысты Жетісу облысы бойынша Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің департаментінде жоспардан тыс тексеріс тіркелген.
— Тексеру нәтижесінде жауапты тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады, — делінген ведомствоның ресми хабарламасында.
Сіздің реакцияңыз қандай?






