Ләйлә Сұлтанқызының ұлы: «Әкем өмірден өткелі түсіме жиі кіреді»

Қыркүйек 26, 2024 - 10:23
Қыркүйек 26, 2024 - 10:53
Ләйлә Сұлтанқызының ұлы: «Әкем өмірден өткелі түсіме жиі кіреді»

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының ұлы Сағадат Қайратұлы марқұм әкесі туралы айтып, сұхбат берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол "Жақсы адамдарым" бағдарламасында қонақ болған.  Әкесі қайтыс болғанда ұлы Сағадат 15 жаста болыпты.

"Әкем, асқар тауым өте жақсы адам болды. Әкеміз өмірден қайтқанда жасым 15-те едім, Сардар 13-те. Әлі бала едік, әкем өмірден өткен күні ересек адам болдық. Себебі қасымызда анамыз бар, біз оның қос қанатымыз, оған қамқор болуымыз керек. Сондықтан есеюге тура келді", – дейді ол.

Тағы оқыңыз: «Қайраттың биоматериалы сақталған»: Ләйлә Сұлтанқызы сәбилі болғысы келетінін айтты

Сағадат кейінгі кезде әкесі түсіне жиі кіріп жүргенін айтты. Әкесінің мінезі қатал болғанын да жасырмады.

"Әкем түсіме өте көп кіреді. Сардарға, анама қатты кірмейді. Соңғы екі аптада 4-5 рет кірді. Үнемі күліп, жымиып жүреді. Әкем ақша туралы көп ақыл айтатын. "Ақшаны көп жаратпа, жинап жүр" дейтін. Өзі ақшаны бізден аямайтын. Бірнәрсе сұрасақ, анамыз "жоқ" десе де, әкеміз "иә" дейді. Екеумізге де қатал болды, бірақ бізге деген мейірімділігі, махаббаты байқалып тұратын", – деді ол. 

Тағы оқыңыз: «Қайракең ашуланса, жаным шығып кете жаздайтын»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін есіне алды

Еске салайық, былтыр 6 қарашада Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті Қайрат Беркінбаев өмірден өткен болатын. 

Қайрат Беркінбаев – 2019 жылы Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында III дәрежелі "Барыс" мемлекеттік орденімен марапатталған еді. Қайрат Беркінбаев – қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті болған. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow