«Легендаға сай болу керек қой»: Самат Жанғазин Қайрат Нұртасты әнімді ұрлады деп айыптады (ВИДЕО)

Әнші Самат Жанғазин Қайрат Нұртас оның репертуарындағы жаңа әнін рұқсатсыз орындап жүргенін айтып, сотқа жүгінбей, адамгершілікті бәрінен биік қойғанын айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.
Әншінің айтуынша, Қайрат оның биыл наурыз айында жарыққа шығарған "О, махаббат ғажапсың" атты әнін тойларда рұқсатсыз орындап жүрсе керек.
"Бұл қалай болғаны? Қайрат Нұртас бауырым менің еңбектеніп, композитор Дәурен Шәріп ағамызбен былтырдан бері дайындап, қаншама оны ұштап, күні-түні ұйықтамай студияда жазып, оранжировщик Азамат Сәбетов та жұмысын қойып, күн-түнге қарамай бізбен студияда жұмыс істеп, еңбектеніп жазған әнімізді дайын өнімдер сұрамай алып жаза салу деген қалай түсінесіздер?", – дейді әнші әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.
Әнші ол әнді 4 наурыз күні тіркеп, авторлық құқық иесі атанған құжатын көрсетті.
"Енді бұл әнді жасап, болдық, толдық, жемісін жейміз ғой деп видеолар түсіріп, "Той думан" радиосына барып тұсау кесерін жасап, сөйтіп жүргенде біреулер маған Қайрат бауырымыздың видеоларын жібереді. Адамгершілікке салынып, Қайрат бауырымызды сыйлаймыз. Жолы үлкен. Ондай нәрсе істеу олардың репутацияларына және командасына кір келтіреді. Мен адамгершілікке салынып, сотқа жүгінген жоқпын. Авторлық құқыққа жазған жоқпын. Өздерінен күттім. Болмаған соң сториске "Авторлық құқығы қорғалған әнді Қайратқа сонда орындай беруге бола ма, хабарласыңыздар" деп салғанмын. Сөйтсем Салтанат деген админстраторы "Жазыпсыз хабарласыңыз деп, хабарласып тұрмыз ал" деп маған хабарласады. "Кешірерсіз Салтанат, сіз хабарласуға міндеттісіз. Олай одолжение жасамаңыз", – дедім. Білмеймін, адамдарда адамгершілік болуы керек қой. Мен Дәурен ағаға барғанда "Аға, мен әйелім туралы ән жаздым келеді" деп айтқанда аға маған осы әнді көрсетті. Екеуіміз гитараны алып күні-түні отырдық. Қаншама өзгерістер енгізілді бұл әнге. Сөйтіп еңбектеніп бақшада егіп, баптап, суарып жемісін деймін дегенде "Бұл – менің бақшам, менің жемісім" деп піскен урожайды жинап алса қалай боласыздар?
Дәурен ағамыздың еңбегі не болды? Менің еңбегім не болды? Дәурен ағамызға хабарласып "Ақшасын берейік, басқасын берейік, келісімшарт жасайық" деген секілді. Сонда мені аттап кетіп, Дәурен ағаны аттап кетіп, осындай тірлік жасап жатыр. Білмеймін, легенда, легенда деген сайын... Легендаға сай болу керек қой. Легенда – үлкен мағына, үлкен ат. Мен сіздерді түсінбедім. Сіздер қалай ойлайсыздар? "О, махаббат, ғажапсың" деген әнім осындай болып жатыр", – дейді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






