«Маған аса жақын емес»: Айгүл Иманбаева жолдасы туралы айтты
Танымал әнші Айгүл Иманбаева жеке өміріне қатысты сырын алғаш рет Salem America жобасында ашық бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
Сұхбат барысында өнер иесі жұбайының кім екеніне, мінез-құлқы мен өмір салтына тоқталды. Айтуынша, жолдасы – ІТ саласында еңбек ететін маман. Әнші бұл бағыттың өзіне аса жақын еместігін де жасырмады.
«Мен үнемі адамдардың арасында жүретін, көпшілікке ашық шығармашылық жанмын. Ал жолдасым керісінше - тұйықтау, өз ішкі әлемімен өмір сүреді. Кейде оның ой-пікірін толық түсіну оңай емес», – деді ол.
Сонымен қатар Айгүл Иманбаева жұбайымен таныстығы Нью-Йорк қаласында басталғанын атап өтті. Оның айтуынша, жолдасы ұзақ уақыттан бері АҚШ-та тұрады, ал өзі бұл елге жиі барып жүрген. Әншінің бұл шынайы әңгімесі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0