«Маған екі рет жылап келді»: Депутат Ермұрат Бапидың екі қызы да шетелдіктерге тұрмысқа шыққан

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидың екі қызы да шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққан. Депутат бұл жағдайға өзін кінәлі санайтынын жасырмады, деп жазады sadaq.kz.
Оның айтуынша, қыздары шетелде білім алғаннан кейін елге бейімделе алмаған.
«Шетелде оқыған соң сол жақта қалып қойды. Елге келгенде қоғамға сіңісе алмады. Теңін таба алмады. Мен бірін Америкадан арнайы шақырттым. Жолдасыма ұқсап жұмысқа орналастырып, жақсы табысқа жеткіздім. Бірақ екі рет махаббаттан таяқ жеп, жылап маған қайтып келді. Екеуі де шетелдік азаматтарға тұрмысқа шықты», – деді депутат.
Ермұрат Бапи бұл жағдайға өзі де себепкер екенін айтып, ішкі өкінішін білдірді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






