«Маған ұятсызсың деді»: Аслан Қаженов Головкинге ренішін білдіріп, спорттағы мәселедерді көтерді
Спорт журналисі Аслан Қаженов Геннадий Головкинмен кездесуі кезінде боксшының өзіне «ұятсыз» деген сөз айтқанын мәлімдеді. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды sadaq.kz.
«Бұған дейін Геннадий Головкин туралы бір негатив жазбағаным. Керісінше, құрметім ерекше болатын. Бүгін нөлге түсті. Бокс сессиясынан кейін амандасып жатсам, “бесстыжый” дейді. Даңқты чемпион шығарсың. Бірақ, адам болып қалу керек», – деп жазды журналист.
Аслан Қаженов Қазақстан атынан халықаралық жарыстарда өнер көрсететін спортшылардың жетістігіне қатысты жауапкершілік бар екенін атап өтті.
«Біз бұнда жүрген қаямбас емеспіз. Бір елдің атынан келген соң, сол елдің мүддесі үшін күйіп-пісіп, сол елдің спортшыларымен бірге қуанып, бірге мұңайып жүрген бір қазақтың баласымыз. Бізде де намыс бар. Бізде де арын бар», – деді ол.
Сондай-ақ журналист өзінің айтқан сөзінен қайтпайтынын айтып, спорт саласындағы нақты мәселелермен айналысуға шақырды.
«Өсек-аяңға ере бермей, нақты жұмыспен айналыс! Викторияның жеңісін қайтар! Ясминаның алтынын қайтар! Басқа да жұмыс жетеді. Өз еліңнен келген қаракөздерге сөзбен атылып, олай мұқата берме! Нақты іспен айналыс!» – деп жазды Аслан Қаженов.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0