Мақпал Исабекова өзін жақын адамдары сатып кеткенін айтты

Қаңтар 17, 2025 - 14:39
Мақпал Исабекова өзін жақын адамдары сатып кеткенін айтты
фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Мақпал Исабекова жақындарының сатқындығы туралы айтты. Өнер иесі бұл туралы Instagram-дағы желісіндегі парақшасында жазды.

«Сатқындық алыстан келмейді. Олар әрқашан жанымызда, кейде соншалықты жақын, біз күтпеген жерден келеді», – дейді әнші.

Ол барлығын алдын ала сезгенін, бірақ ішкі түйсігіне сенгісі келмегенін атап өтті.

«Түрлі сылтаумен мені қаралап, артымнан сөз айтып, ғайбаттап, жала жауып, кейін менімен бір дастархан басына жайбарақат отырғандар, мен сіздерді білемін. Мен сезгенмін. Тек мұны осы жасымда ғана түсінгенім өкінішті. Сіздермен араласқан кезім босқа кеткен уақытым болды. Басқалардың өмірін ойламай, тек өз өміріңізлеріңізбен айналысатындай бақытты өмір сүріңіздер. Өйткені, нағыз бақытты адамдар әрқашан мейірімді болады», – дейді Мақпал Исабекова.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow