Маңғыстау облысында 9-сынып оқушысын ит талап тастаған

Қаңтар 21, 2025 - 17:10
Қаңтар 21, 2025 - 20:43
Маңғыстау облысында 9-сынып оқушысын ит талап тастаған
Фото: pixabay

Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылындағы көшеде 15 жасар жасөспірімді қаңғыбас ит талап тастаған, - деп жазады sadaq.kz.

Абырой болғанда жақын маңда жүрген тұрғындар көмекке келіп, баланы әрең арашалап алған. Содан соң, жедел жәрдем қызметін шақырған.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен жасөспірім балалар аруханасының травматология бөліміне жатқызылған. Жағдайы тұрақты. Ем тағайындалған.

Ал облыстық білім басқармасының мәліметінше, зардап шеккен оқушы Ақшұқыр ауылындағы мектеп-гимназияда 9-сыныпта оқиды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow