Маңғыстауда оқушы қыздар төбелесіп, бір-бірін талдырып тастаған (ВИДЕО)

Маңғыстау облысындағы елді мекендердің бірінде оқушы қыздар төбелесіп, бір қыз талып қалған, деп хабарлайды sadaq.kz.
Бұл ақпаратты редакцияға Маңғыстау облысының полиция департаменті растады.
«Кәмелет жасына толмаған қыздар төбелескен. Полиция оларды ата-аналарымен бірге полицияға бөлімшесіне жеткізді. Балаларының тәрбиесі мен біліміне дұрыс мән бермеген ата-аналар жауапқа тартылды. Төбелеске қатысты іс Кәмелет жасына толмағандардың істері жөніндегі комиссияға кетті», - деп хабарлайды Маңғыстау облысының полиция департаменті.
Ал, желіде таралған видеода екі қыз қараңғыда төбелесіп жатқанын көруге болады. Төбелес арасында кішкентай балалар да жүр. Төбелестің ортасында көк киімдегі қыз ақ киімдегі қызды қатты ұрғаны соншалық, қыз бала талып, жерден тұра алмай қалған.
Сіздің реакцияңыз қандай?






