Маңғыстауда шенеуніктер есірткімен ұсталды

Қыркүйек 18, 2025 - 12:43
Маңғыстауда шенеуніктер есірткімен ұсталды
Фото: Pixabay.com

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері өңір әкімдігінің қолдауымен есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен Мұнайлы ауданының үш тұрғынын ұстаған, деп хабарлайды sadaq.kz.

Күдіктілердің қатарында Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары мен Атамекен ауылдық округі әкімінің орынбасары бар.

— Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда аудан әкімінің орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал өзге күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылып жатыр. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберіліп, тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Арнайы операция Маңғыстау облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізіп жатқан «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткен.

— Маңғыстау облысы әкімдігі мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық пен заңсыз әрекеттерге мүлде төзбеушілік саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Заң талаптарын бұзғандарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес ең қатаң шаралар қолданылады. Мемлекеттік қызмет қатарын адал емес қызметкерлерден арылту — әкімдіктің басты басымдықтарының бірі, — делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow