Мектеп оқушыларына ораза ұстауға бола ма? – министр жауап берді

Наурыз 18, 2024 - 16:52
Наурыз 18, 2024 - 16:58
 0  242
Мектеп оқушыларына ораза ұстауға бола ма? – министр жауап берді
Фото: parlam.kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова балалардың Рамазан айында ораза ұстағаны жөн бе деген сауалға жауап берді, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы. 

"Жалпы алғанда баланың ағзасы тез дамиды. Олар өте көп энергия жұмсайтындықтан, зат алмасу да жоғары. Ол жұмсалатын энергияның орнын уақытылы толтырып отыру керек. Әр ата-ана осыны бірінші кезекте түсінуі керек. Меніңше, баланың денсаулығы үшін уақытылы, сапалы, теңгерімді тамақтанудың маңызы зор", - деп жауап берді министр. 

Ведомство басшысының сөзінше, 17 жасқа дейін балалар толыққанды тамақтану қажет.

"Егер ата-ана балаға рұқсат беретін болса, өзі мұқият қарауы керек. Бұл әр ата-ананың шешімі деп ойлаймын. Бірақ белгілі бір жасқа дейін бала толыққанды тамақтануы керек деп есептеймін. Меніңше, 16-17 жасқа дейін уақытылы тамақтанғаны маңызды", - деді ДСМ басшысы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0