Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды

Маусым 22, 2026 - 22:36
 0  11
Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Президентінің келуіне орай Бельгия астанасының әуежайында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

«Ертең Еуропалық кеңестің штаб-пәтерінде Еуропа Одағының басшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөздер жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Сапар аясында бірқатар маңызды бірлескен құжатқа қол қойылады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0