«Менің жарты жылдан аз өмірім қалды»: Ақмарал Науатбек қатерлі диагнозы туралы айтты

Маусым 11, 2025 - 19:47
«Менің жарты жылдан аз өмірім қалды»: Ақмарал Науатбек қатерлі диагнозы туралы айтты
Фото: ғаламтордан

Париждегі Паралимпиада ойындарына дейін дзюдодан чемпион Ақмарал Науатбекке ауыр диагноз қойылған көрінеді. Дәрігерлер оған алты айдан аз өмірі қалғанын ескерткен. Соған қарамастан, спортшы жаттығуын жалғастырып, нәтижесінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

«Егер барлығын барынша бақылауға алмасам, маған жарты жылдан аз уақыт қалды», – деп еске алады Науатбек түрік дәрігерінің сөзін.

Спортшының айтуынша, оның денсаулығына байланысты аса қиын жағдай болған.

«Мен Түркияға ем алу үшін бардым. Сол жердегі дәрігер маған  егер бәрін қатаң бақылауға алмасам, жарты жылдан аз ғана өмірім қалғанын айтты. Сол сәтте Олимпиада туралы ешкім ойламады. Менің айналамдағылардың бәрі Олимпиаданы мүлде ұмытты. «Алты ай қалды, Олимпиаданың енді керегі не?», – деді анам бұл жаңалықты естігенде. Бірақ мен бәрібір Олимпиадаға баратыныма сендім. Менде бірінші типтегі қант диабеті. Жағдайым сондай қиын болды, ағзадағы қант мөлшері үш-төрт ай бойы отыздан төмен түспеді. Түрік дәрігері осыны көріп, барлық анализдерімді қарап, соңғы 25 жылда мұндай науқасты көрмегенін айтты – ондайлар не комаға түседі, не қайтыс болады екен. Ол менің әлі күнге дейін жаттығып, осындай қант көрсеткішімен күресіп жүргенімді түсіне алмады», – деді Науатбек Zamandas YouTube арнасындағы подкастта.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow