Шымкентте ұлттық ұландық сарбаз көз жұмды

Қаңтар 7, 2026 - 14:04
Қаңтар 7, 2026 - 16:13
 0  3
Шымкентте ұлттық ұландық сарбаз көз жұмды
Фото: Ұлттық ұлан

Жамбыл облысындағы 6506 әскери бөлімінде мерзімді қызметін өтеп жүрген сарбаз көз жұмды. Қаралы хабарды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Әскери қызметкер қызмет барысында медициналық көмекке жүгініп, Шымкент қаласындағы медициналық мекемелерде дәрігерлердің бақылауында болып, тексерулерден өткен. 6 қаңтар күні оның жүрегі кенеттен тоқтап қалған. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, сарбаздың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Алдын ала қойылған диагноз — жедел лейкоз.

«Ұлттық ұланның қолбасшылығы мен жеке құрамы орны толмас қайғыға байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.  Жағдай Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының жеке бақылауында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0