«Мешіттерге жиналатын садақаны бақылауға алу керек» – Айгүл Орынбек

Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда бірқатар маңызды мәселелер көтерілді. Мәселен кезекті секциялардың бірінде заңгер әрі қоғам белсендісі Ұлттық құрылтай мүшесі Айгүл Орынбек мешіттегі садақа мәселесін көтерді, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.
Заңгердің айтуынша, мешіттерге жиналатын садақа қаражаты ашық болуы тиіс.
"Мешіттерге садақа ретінде көп қаражат бөлінеді, бірақ оның нақты қайда жұмсалып жатқаны белгісіз. Біз бұл қаржыны қандай да бір күмәнді ұйымдарға немесе экстремистік топтарға аударып отырған жоқпыз ба? Осы мәселені мемлекет деңгейінде бақылауға алуымыз қажет", – деді заңгер.
Сондай-ақ Айгүл Орынбек алдағы уақытта бұл ұсыныстың тиісті органдар тарапынан қолдау табатынына сенім білдірді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






