«Диагнозды ашып айта алмаймын»: Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханадағы жағдайын айтты

Екі апта бойы хирургтар ары қарап, бері қарап "сіз бізге мұқтаж емессіз" деді.

Маусым 28, 2024 - 12:42
Маусым 28, 2024 - 13:03
«Диагнозды ашып айта алмаймын»: Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханадағы жағдайын айтты
Фото: www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Танымал актриса, киножұлдыз Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханадағы жағдайын айтты, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі жағдайы бірқалыпты, ешқандай ота қажет емес екенін жеткізді. 

“Ал өз жағдайымды айтсам, шүкір, тәуірмін. Бірқалыпты. Кешкісін мені осындай палатаға алып келді, бұл басқа блокта орналасқан. Мына тоқтардың барлығын қазір менің басыма орнатады. Осы тоқтармен ұйықтауым керек. Тоқтар арқылы түні бойы мидың қалай жұмыс істейтінін анықтайды екен. Соңғы тексерістерден өттім, енді басқа емханалардан алатын ем бар. Бұйырса, ол да өз уақытымен. Сонымен уайымдайтын диагноз емес (ашып айта алмаймын).
Бастысы ешқандай ота қажет емес. Екі апта бойы хирургтар ары қарап, бері қарап "сіз бізге мұқтаж емессіз" деді. Ертең үйге ораламын, жұмысқа кірісемін", – деп жазды актриса.

Айта кетейік, өнер иесі диагнозының таба алмай жатқанын айтқан еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow