«Мөлдір қатесін мойындады»: Қайрат Әділгерейдің әйелі тағы да мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Желтоқсан 12, 2025 - 17:01
 0  30
«Мөлдір қатесін мойындады»: Қайрат Әділгерейдің әйелі тағы да мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Фото: әлеуметтік желі

«KEZDESU» бағдарламасына қонақ болған  Бақыт Тұрман Мөлдір Мұқанның фильміне қатысты айтқан сынына байланысты шудың басын ашып берді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бағдарламада ол өзін сынағандарға жауап беріп, ешкімге әдейі тиісуді мақсат етпегенін айтты.

«Бірдеңе бүлдіріп қойған жоқпын ғой. Ұятсыз, жұрт қарғайтындай жағдай емес. Тек кино туралы жеке пікірімді айттым. Сын айтылғаннан кейін, ертесі күні Мөлдір ханым өзі дайрекке жазды. Толықтай өз қателіктерін мойындап, түсіністік білдірді», — деді Бақыт Тұрман.

Әнші әрбір сөзіне өзі жауап бере алатынын, ешкімнің «қорғауына» мұқтаж емес екенін де қадап жеткізді.

«Мен айтқан сөзіме өзім жауап беремін. Ешкім мен үшін ақталып, жауап бермей-ақ қойсын», — деді ол.

Әлеуметтік желіде бұл жағдай қызу талқыға түсіп, желі қолданушылары екіге бөлінді: бірі Бақыттың ашықтығын қолдаса, екіншілері оның сынын артық көрген.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0