«МузАрт тобына ескерткіш қою керек»: экс-депутат күтпеген ұсыныс айтты

Шілде 30, 2026 - 14:44
chat_bubble  0 visibility  16
«МузАрт тобына ескерткіш қою керек»: экс-депутат күтпеген ұсыныс айтты
Фото: parlam.kz

Экс-депутат, журналист Мақсат Толықбай МузАрт тобының қазақ эстрадасының дамуына қосқан үлесін атап өтіп, өнер ұжымына арналған аллея мен мүсін орнату туралы ұсынысын айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Оның пікірінше, әсіресе 2000-жылдары жастардың бір бөлігі Ресей мен Батыс мәдениетіне еліктей бастаған тұста МузАрт ұлттық өнерге бетбұрыс жасауға ықпал еткен.

«Мен үнемі айтып жүремін. Әсіресе 2000-жылдары жастарымыз Ресей мен Батысқа еліктеп бара жатқан кезде біраз жастың бетін бері қайтарған – МузАрт тобы. Кейін МузАртқа еліктеп көптеген топ құрылды. Сондықтан бұл ұжымды қазақ эстрадасына революция алып келген топтардың бірі деп айтуға болады», – деді Мақсат Толықбай.

Сондай-ақ ол кәсіпкерлерді МузАрт тобының құрметіне аллея салу бастамасын қолға алуға шақырды.

«Бұл идеология тұрғысынан маңызды дүние деп ойлаймын. Жақында бір тұрғын үй кешеніне МузАрттың аты беріледі. Сол жерге МузАрт тобының мүсінін қоюды ойластырып жатырмыз», – деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0