Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны мыңға жетті

Наурыз 29, 2025 - 11:06
Наурыз 29, 2025 - 11:18
Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны мыңға жетті

Мьянмада болған жер сілкінісінен қаза болғандар саны артып барады. Соңғы деректер бойынша, Мьянмада болған жер сілкінісінен мыңнан астам адам қаза тауып, екі мыңға жуық адам жараланған. Тағы 68 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Бұған дейін 144 адам қаза тауып, 700-ден астам адам жараланды деп хабарланған еді. Ел билігі алты аймақта төтенше жағдай жариялады.

Мьянма билігі кез келген елден, кез келген ұйымнан гуманитарлық көмек сұрап, "шетелдік көмек үшін барлық жолды ашқанын" мәлімдеді.

Жерасты дүмпулері Таиланд, Бангладеш, Лаос, Қытай және Үндістанда сезілді.

Таиландта 6 адам қаза тауып, 16 адам жарақат алып, 100-ден астам адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Еске салайық, Оңтүстік-Шығыс Азияда екі күшті жер сілкінісі болды.

Соның салдарынан Бангкокта салынып жатқан көпқабатты ғимарат құлады. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Мьянмада тіркелді. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр. Әлеуметтік желіде кран орнатылған биік ғимараттың құлап, үлкен шаң бұлты көтерілгені, ал адамдардың айқайлап, жан-жаққа қаша бастағаны көрсетілген видеолар тарады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow