Мұхтар Мағауин жер қойнына тапсырылды

Қаңтар 12, 2025 - 11:22
 0  824
Мұхтар Мағауин жер қойнына тапсырылды
Фото: Болат Аманбаев фейсбук парақшасынан

Мұхтар Мағауин Мэриленд штатында жерленді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мұхтар Мағауинді соңғы сапарға туған-туыстары мен жақындары шығарып салды. Жерлеу рәсімі жергілікті мешіттердің бірінде өткізіліп, жаназа намазы оқылды.

Жазушының туыстарының айтуынша, ол Мэриленд штатындағы Парк Лаун мемориалдық зиратында жер қойнына тапсырылды.

84 жасында өмірден озған халық жазушысы, әдебиет зерттеушісі және тарихи романдар авторы Мұхтар Мағауин 10 қаңтарда қайтыс болды. Соңғы 15 жыл бойы ол АҚШ-та өмір сүрген.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 1
😢 Қайғылы 1
😮 Жарайсың 0