Мұхтар Мағауиннің АҚШ-та 9 жыл тұрған үйі мұражайға айналады
АҚШ-тың Мэриленд штатында қазақ әдебиетінің алдаспаны Мұхтар Мағауин атындағы Қазақ мәдени-ағарту орталығы ашылады, деп хабарлайды 24kz.
Силвер-Спринг мекеніндегі жазушының үйі алдағы 3 жылда руханият орталығына айналдырылмақшы. Бұл жайлы қаламгердің туған күніне орай өткізілген жиында ұлы Едіге Мағауин хабарлады. Жобаның таныстырылымына АҚШ-тағы қазақ диаспорасы, сонда білім алып жүрген жерлестеріміз қатысты. Олар жазушының жазбалары мен күнделігін және жеке кітапханасында сақталған мол мұрағатымен танысты.
Естеріңізге сала кетейік, Мұхтар Мағауин биыл 9 қаңтар күні 85 жасқа қараған шағында дүниеден озып, АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Parklawn Memorial зиратына жерленген еді.
Бұл алдағы уақытта атамыздың жаңағы 100 жылдығы тойланатын кезде бұл жер расында мұхиттың бер жағындағы Америкадағы қазақтардың бас қосатын, қазақтығын сезінетін, тамырын танитын, болашағын меңзейтін бір қазақтың мәдени-ағарту орталығына айналу керек. Әртүрлі мәдени шаралар ұйымдастырамыз деп ойлап отырмын. Бұл жерде қазақ тілін оқыту курстарын ұйымдастыру жоспары бар. Қалай болғанда да бұл жер, осы мына көрдіңіз, әкеме ұнаған жер болатын, тұрған жері де, үйдің ішіндегі атмосфера да. Сол алдағы уақытта қазақ руханиятының орталығына айналуы керек деп ойлаймын, - дейді Мұхтар Мағауинның ұлы Едіге Мағауин.
Азамат Дүйсенбаев, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің департамент директоры:
1971 жылы жаңағы кісінің жазғаны, одан кейін 1980 жылы жазғаны, күнделіктері бар екен. Өзінің сиясымен отырып жазған. Мен соны көзбен көріп, сол кездегі сол кісінің толғанысы, сол кездегі сол кісінің қандай жағдайда отырып жазғандығын кішкене болса да елестетуге тырыстым.
Сіздің реакцияңыз қандай?