Мұрат Нұртілеу қызметінен босатылды

Қыркүйек 26, 2025 - 09:22
Қыркүйек 26, 2025 - 09:26
Мұрат Нұртілеу қызметінен босатылды

Мұрат Нұртілеу сыртқы істер министрлігі басшысы қызметінен кетті, деп хабарлады sadaq.kz. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Сыртқы істер министрлігінің басшысы болып Ермек Көшербаев келіп жатыр. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow