Мұғалім шыршадан құлап, мертіккен соң Семейдің әкімі қызметінен кетті
Семейдегі шырша дауынан кейін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов орнын босатты.
Бұған дейін Семейде шырша тігіп жүрген мұғалімнің жарақат алғаны хабарланған еді.
Қазіргі таңда мұғалім Қуат Айтқали жансақтау бөлімінде жатыр. Оның миына қан құйылып, бас сүйегі сынған.
Осыған байланысты қалалық білім бөлімі басшысы қызметінен босатылған еді.
Нұрбол Нұрсағатов бұған дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары болған. ШҚО әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасының, Алматы қаласында құрылыс басқармасының, Астана қалалық қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы қызметін атқарған. Сондай-ақ, елоданың «Байқоңыр» және «Алматы» аудандарының әкімі болған.
Нұрбол Нұрсағатовтың орнына Талғат Мұратов әкім болып келді. Жаң әкімді Абай облысының басшысы келіп таныстырды. Бұған дейін Бесқарағай ауданының әкімі қызметін атқарған.
Сіздің реакцияңыз қандай?