Назарбаев әулетінде той: Тауман Нұрсұлтанұлы үйленгелі жатыр
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы Тауман Назарбаев үйленгелі жатыр. Үйлену тойы Астанадағы қымбат қонақүйлердің бірінде өтеді, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым дерегінше, Тауман Назарбаевтың үйлену тойы The Ritz-Carlton, Astana қонақүйінде ұйымдастырылмақ. Қалыңдықтың Қазақстанның бұрынғы қорғаныс вице-министрлерінің бірінің қызы екені айтылады.
Ulysmedia.kz дереккөздері тойға дайындық кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін мәлімдеген.
– Салтанатты шараға байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қонақүй маңындағы аумақты қоршау жұмыстары бір күн бұрын басталған, – дейді басылым дереккөзі.
БАҚ мәліметінше, тойға саясаткерлер, ірі бизнес өкілдері және Нұрсұлтан Назарбаев президент болған кезеңде ықпалды болған тұлғалар шақырылған.
Тауман Назарбаев 2005 жылы дүниеге келген. Оның анасы – Әсел Исабаева, ол Әсел Құрманбаева есімімен де белгілі. 1999 жылы Әсел «Мисс Қазақстан» байқауының жеңімпазы атанған.
Нұрсұлтан Назарбаев ұзақ уақыт бойы екінші отбасы туралы көпшілік алдында айтпаған. 2023 жылы жарық көрген «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты мемуарында ол Әселмен мұсылман дәстүрі бойынша некелескенін жазды. Осы некеден екі ұлы дүниеге келген: Тауман – 2005 жылы, Байкен – 2008 жылы. Бұл дерек Назарбаевтың мемуарларында да көрсетілген.
Тауман Назарбаевтың есімі 2024 жылы да БАҚ беттерінде аталған. Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаевтың БАӘ-дегі New York University Abu Dhabi кампусына барғаны туралы ақпарат тараған. Оның жанында болған жас жігітті бірқатар ақпарат құралдары Тауман Назарбаев деп таныстырған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0