Неке қию рәсімінде махрға Changan сұраған қалыңдығын жігіт тастап кетті (ВИДЕО)

Ақпан 8, 2026 - 20:21
Ақпан 8, 2026 - 20:29
 0  2
Неке қию рәсімінде махрға Changan сұраған қалыңдығын жігіт тастап кетті (ВИДЕО)
Фото: видеодан алынған

Алматыдағы неке қию рәсімі кезінде қалыңдық пен күйеу жігіт арасында түсініспеушілік туындап, видеоға түсіп қалды. Видео әлеуметтік желіде қызу талқылануда, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Видеода қалыңдықтың махр (неке сыйы) ретінде Changan маркалы жаңа автокөлікті сұрағаны анық естіледі. Осы талаптан кейін күйеу жігіттің залдан шығып бара жатқаны көрінеді.

Қазіргі уақытта жастардың өздері бұл оқиғаға қатысты ресми сұхбат берген жоқ. Оқиғаның толық мән-жайы мен одан кейін не болғаны беймәлім.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл видеоға қатысты екіге бөлінді. Күйеу жігітті қолдаушылар жігітті "нағыз ер адам" деп мақтап, қыздың талабын тым жоғары және орынсыз деп санады.

Ал қызды қолдаушылар махрдың түпкі мағынасын еске салып, бұл күйеу жігіттің әйеліне деген сыйластығы мен жауапкершілігінің көрінісі екенін айтып, қыздың жағына тұрды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0