Өнердегі танымал жұп Жанболат пен Жазираның тұңғышы үйленгелі жатыр. Әлеуметтік желіде жас жұбайлардың той алдындағы видеосы тарап, көпшілікті сүйсіндірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қалыңдығын алғаш рет ақ көйлекте көрген Қазыбек жарының сұлуылығына тамсанып, сезімін жасыра алмады.
«Уа, ғанибет неткен сұлу едің. Менің келіншегім – ең сұлу»,– деді ол.
Желі қолданушылары Қазыбектің жарына деген құрметі мен шынайылығына тәнті болды. Көпшілік екі жасқа бақыт тілеп, бүгінгі тойдың сәтті өтуін тіледі.
Айта кетейік, Жанболат пен Жазираның шаңырағында көптен күткен дүбірлі той бүгін өтеді.