Никол Пашинян отставкаға кетті
Армения премьер-министрі 9-шақырылымдағы Ұлттық жилыстың алғашқы отырысы өтетін күні отставкаға кетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл ел Конституциясында қарастырылған, оған сәйкес, жаңа шақырылымдағы парламенттің бірінші сессиясының алғашқы күнінде премьер-министр бастаған үкімет отставкаға кетеді. Бұл ретте министрлер кабинеті үкіметтің жаңа құрамы жасақталғанға дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.
Жаңа парламенттің өкілеттіктері күшіне енгеннен кейін Президент басқарушы фракцияның ұсынысы бойынша Премьер-министрді тағайындайды.
30 шілдеде Пашинян үкіметтің бұрынғы құрамдағы отырысы соңғысы болатынын хабарлады. 7 маусымда өткен парламенттік сайлауда Пашинян бастаған «Азаматтық шарт» басқарушы партиясы жеңіске жетіп, жаңа үкіметті өз бетінше жасақтау құқығына ие болды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0