«Нұрлы жол» теміржол вокзалында жас жігітті пышақтап кетті

Желтоқсан 10, 2025 - 17:24
 0  0
«Нұрлы жол» теміржол вокзалында жас жігітті пышақтап кетті
Фото: Pixabay

Астанадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалында пышақ қолданылған оқиға болды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Полиция мәліметінше, «пышақ жарақатын келтіру дерегіне қатысты Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады».

«Күдікті жедел ізінше ұсталып, ИВС-ке қамалды. Жарақат алған азамат ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы тұрақты. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді ІІМ Көліктегі полиция департаменті.

Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, оқиға салдарынан жас жігіт зардап шеккен. «Оны пышақтап кетті», – деп жазуда куәгерлер.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0