Нұрғанаттың өлімі: Шерзаттың әкесі де марқұмның өзіне қол салғанына сенбейтінін айтты (ВИДЕО)

Желтоқсан 9, 2024 - 15:22
Желтоқсан 9, 2024 - 15:30
Нұрғанаттың өлімі: Шерзаттың әкесі де марқұмның өзіне қол салғанына сенбейтінін айтты (ВИДЕО)

Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов інісінің өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейтінін айтты.

 9 желтоқсанда Талғар қаласының шет жағынан марқұм Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың мәйіті табылған еді. Полиция мәліметінше, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Алайда ағасы Қаржаубай Нұрымов суицид жасағанына сенбейтінін жеткізді. 

Азаттық сайтының мәліметінше, Қаржаубай Нұрымов ұлының бейіт басында жүр. Інісі Нұрқанат Ғайыпбаевтың мәйіті де осы маңнан табылған.
 «Төменге барып, отырып өліп қалған. Үй жақта да осындай ағаштар жетеді ғой. Бұл жерден төмен қарай 7-8 метр шығады. Бұл жерден сау адам түсе алмайды. Мынадан түсетін болсаң аяғың сынады», – дейді Нұрымов.

Бұған дейін марқұмның туыстары да суицид деген нұсқамен келіспейтінін айтқан еді. 

«Ол ешқандай да суицид жасаған жоқ. Асылып қалды деген сөз өтірік. Оны асып кетті. Қазір Қаржаубай моргта жағдайды анықтауда. Қалғанын адвокаттар айтады», – деп атап өткен марқұмның әпкесі Бақыт.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow