«Өмір қызық»: Баян Алагөзова бөтен еркекпен көзге түсті
Бұл фото жазылушылардың қызығушылығын тудырды.

Танымал продюсер әрі актриса Баян Алагөзова Instagram парақшасына бір ер адаммен түскен жаңа суретін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бірақ бұл адам оның жұбайы Тұрсын емес.
Кадрда сырт келбетін біршама өзгерткен Баян белгісіз ер адаммен бірге тұрғаны көрінеді.
«Қызық өмір, қызық!» – деп жазба қалдырған ол суретке.
Бұл фото жазылушылардың қызығушылығын тудырды. Олар Баянның жаңа образын да, оның жанындағы ер адамды да ерекше бағалап үлгерді.
Кейін белгілі болғандай, бұл ер адам – Алагөзованың түсірілім барысындағы әріптесі екен.
Ал Баян – басты рөлді сомдап жатыр және дәл осы рөл үшін өзгерген.
Айта кетейік, түсірілім жұмыстары Павлодар облысында жүріп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?






