«Өмірден өтетінін сезген»: Серікзат Дүйсенғазы марқұм ұлы туралы сөз қозғады
Танымал ақын Серікзат Дүйсенғазы “Адырна” YouTube арнасына берген сұхбатында өміріндегі ең ауыр кезең туралы айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ақын ұлынан айырылған сәтте қатты есеңгіреп қалғанын жасырмады. Оның айтуынша, бұл қайғы өзіне үлкен сынақ болған.
“Қайғы – сынақ. Құдай сынақты да бекер бермейді, оның философиялық астары бар шығар. Кейін баламның өлеңдерін тауып алдым. Сол өлеңдерінде өзінің тағдырын сезгендей жазады. 15 жасында терең философиялық туындылар жазған. Ойланып қалдым, бұл жай нәрсе емес қой деп”, – деді ол.
Серікзат Дүйсенғазы қайғы түскен сәтте жанынан табылып, ақыл айтқан ағалары болғанын жеткізді. Олардың кейбірі мұндай қасіретті көтере алмай өмірден өткен жандар туралы мысал келтірген.
Ақын үшін тағы бір ауыр соққы – анасының дүниеден озуы болған.
“Анам біздің әулеттің бар қайғысын өзімен бірге алып кеткендей болды”, – дейді ол.
Ең қиыны бұл жағдайдың жары Айнұрға, яғни ұлының анасына тигенін айтты.
“Анаға өте ауыр екен. Әлі күнге дейін сол қайғыдан шыға алмай келеді”, – деді ақын.
Сондай-ақ ол ұлы Әлихан өмірден өткеннен кейін 9 ай өткен соң Әлімхан есімді перзенті дүниеге келгенін айтты. Ақынның сөзінше, бұл – жоспарланбаған, халықтың батасымен келген сәби.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0