«Он минутта жаздым»: Жүрсін Ерман Асанәлі Әшімовтің ұлдарына арнаған әні туралы (ВИДЕО)
Айтыс өнерінің абызы, белгілі ақын Жүрсін Ерман Асанәлі Әшімовтің қос ұлына арналған әннің сөзін өзі жазғанын мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Оның айтуынша, ән Асанәлі Әшімовтің атынан жарық көрген.
— Бұл әнді Алтынбек Қоразбаев жазған екен. Маған хабарласып, мәтінін жазып беруімді өтінді. Асанәлі ағам жасы үлкен болса да, менің рухани досым. Сол себепті көп ойланбай, тез жазып бердім. Ән сәтті шықты. Асанәлі өзі орындады. Ол 20 минутта жазды деп айтып жүр, бірақ мен небәрі 10 минутта жазып бердім, — деді ақын.
Сондай-ақ Жүрсін Ерман қазіргі уақытта өлең жазумен айналыспайтынын да жасырмады. Оның сөзінше, өлең — адамның қалауымен емес, Жаратқанның қалауымен келетін дүние.
— Қазір жазып жүрген жоқпын, бірақ өлең деген жүректен өзінен-өзі тууы керек. Жас та келді, денсаулық та сыр беріп жүр. Жүректің оты азайғандай. Өлең күштеп жазылатын нәрсе емес, — деп түйіндеді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0