«Өнерімде жақсы жаңалықтар болады»: Ерке Есмахан Қайнар Алагөзовпен жаңа хит жазғанын айтты
Әлеуметтік желіде танымал әнші Ерке Есмахан шығармашылығында жаңалықтар болатынын айтып, тыңдармандарын қуантты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
"Бірінші ақпаннан алтыншы ақпанға дейін Қайнар Алагөзов Алматыға келіп, біздің үйде болды. Қайнар екеуміздің басымыз қосылғаны, өнерімде жақсы жаңалықтар болады деген сөз. Алла бұйыртса", – деп жазды әнші.
Естеріңізге сала кетейік, Ерке Есмаханның орындауындағы барлық хит әндердің сөзін ақын Қайнар Алагөзов жазған. Әншінің сөзінше, кезекті туындының да ауылы алыс емес секілді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
1
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0