Оралда 12 жастағы оқушы қайтыс болды

Мамыр 18, 2026 - 17:48
chat_bubble  0 visibility  2
Оралда 12 жастағы оқушы қайтыс болды
Фото: Pixabay

Орал қаласында «Телеорталық» маңында қайғылы оқиға тіркелді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 16 мамыр күні болды.

"Шаған өзені жағасында ересек адамдардың қарауынсыз қалған 2014 жылғы бала суға құлап, батып кетті. Құтқарушылар жасөспірімнің денесін судан іздеп тауып, алып шықты", — деп хабарлады ведомстводан.

Бұл — өңірдегі осындай бірінші оқиға. Дегенмен облыста шомылу маусымы басталған жоқ.

Департамент деректеріне сәйкес Батыс Қазақстан облысында 2025 жылы 7 адам су батып, көз жұмса, соның біреуі бала еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0