Оралда жүк көлігі мұз астына түсіп кетті

Желтоқсан 29, 2025 - 12:38
 0  21
Оралда жүк көлігі мұз астына түсіп кетті
Фото: Видеодан кадр

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға кеше сағат 12:35 шамасында элиталы Самал-3 шағынауданынан Октябрьский кентіне өтетін аспалы көпір маңында болған.

Жүк көлігі «Шаған» өзенінен қысқа жол арқылы өтпек болғанымен, мұз ауыр көліктің салмағын көтере алмаған. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші мен жолаушы дер кезінде кабинадан секіріп шығып, аман қалған. Зардап шеккендер жоқ. Құтқарушы сүңгуірлер суға батқан көлікті шығарып алды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 1
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 1
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 1
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 1