Тойын 210 мың теңгеге жасаған оралдық жас жұбайлар көптің назарын аударды
Оралда үйлену тойын небәрі 210 мың теңгеге өткізген жас жұбайлар көптің назарын аударып, әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Жас жұбайлар шаңырақ көтеру тойын 2 тамызда өткізген. Қалыңдықтың айтуынша, олар ысырапсыз той жасап, ең маңызды күнді жақын жандарымен бірге атап өтуді жөн санаған.
Қалыңдықтың айтуынша, тойға кеткен қаражаттың есебі мынадай:
«1. Той көйлегі – 19000 теңге ( Пиндуодан тапсырыс бердім)
2. Күйеу жігіттің костюмы – 13000 теңге ( Пиндуо)
3 . «Бақыт мекені» – салтанатты түрде неке қидырттық 50 шақты адам болды ( жастар жағы , ата анамыз) (шағын фуршет болды) – 125 000 теңге
4. Неке қиюшының төлем ақысы – 20000 теңге
5. Қалындықтың қолына ұстайтын гүлі – 4000 теңге (тірі гүл лизиантустар)
6.Қалындықтың прическасы – 9000 теңге (макияжды өзім жасадым)
7. Фотографтың ақысы – 20000 теңге. Барлығы: 210 000 теңге», – деп жазды қалыңдық.
Желі қолданушылары жас жұбайлардың бұл қадамын құптап, артық шығыннан бас тартқандарына риза болды. Көпшілік екі жасқа бақыт тілеп, тілектерін жазды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0