«Менен бала болмайды, белсізбін»: Оразалы Досбосыновтың ұлы баласын тастап кеткен (ФОТО)

Желтоқсан 7, 2025 - 12:49
Желтоқсан 7, 2025 - 12:53
 0  400
«Менен бала болмайды, белсізбін»: Оразалы Досбосыновтың ұлы баласын тастап кеткен (ФОТО)
Фото: ғаламтордан

Жуырда ғана әке атанған Оразалы Досбосыновтың ұлы Нұрсұлтан әйелі мен ұлына қарамай кеткен. Бұл туралы Нұрсұлтанның жұбайы Назерке есімді келіншек Тредс әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Тағы оқыңыз: «Атасы мен апасы көрмей кетті, әттең...»: марқұм Оразалы Досбосыновтың немересі дүниеге келді

«Жұрт оны әйгілі айтыс ақыны Оразалы Досбосыновтың ұлы ретінде біледі. Ал мен оның баласын 9 ай көтерген анамын. Ол мені де, ұлын да тастап кеткен. Тоғыз айда бір рет те қоңырау шалмай, хабарсыз кетті», - деп жазды ол.

Келіншектің айтуынша, олар 2024 жылдың ақпан айында некелескен. 

«Сол жылы қазан айында жүкті екенімді білдім. Бұл жаңалықты естігенде екеуміз де бақытты едік. Алайда, келесі күні Нұрсұлтан өзгеріп шыға келді. Ұрыс-керіс, балағаттау, қорлау басталды. Телефонымды сындырды, ең соңында «бала менен емес» деп айтуға мәжбүрледі. Жағдайым мүшкіл болғаны соншалық, далаға шығуға қорықтым. Осы күнге дейін анаммен тұрып жатырмын. Құрсақтағы балам дүниеге келгенше ауруханаға жиі түстік, денсаулығым сыр берді, алайда ол бір рет те халімді сұрап қоңырау шалмады. Оның неге бір-ақ күнде өзгеріп ктекенін осы 9 ай бойы ойлап жүрмін. Өзінің айтатын себептері күн өткен сайын өзгеріп келеді. Бірде «мен 16 жасымда тексерілгенмін, менен бала болмайды, белсізбін», деп келді, тағы бірде «мен сендерді солай басқалардан қорғағым келді», дейді, тіпті мені «көзіме шөп салдың, басқа біреудің баласын менің балам ретінде көрсеткің келді», деп айыптады», - дейді келіншек. 

Бір қызығы, ақынның ұлы баласы дүниеге келіп, перзентханадан шығар кезде ғана пайда болған көрінеді.

«Перзентханадан шығар күні келді. «Бұл менің ұлым, сен білемін» деді. Болды. Сол күні бір төбе көрсетті де тағы жоқ болды.  Не қолдауы, көмегі де жоқ. Балаға еш қызығушылық танытқан емес. Жұрт алдында ғана жақсы адам болып көрінеді. Менің мұны айтудағы мақсатым - ұлым ғайыптан пайда болған жоқ. Ол да адам, оның да әкесі бар. Ұлымның біреудің құпиясы ғана болып қалғанын құптамаймын», - дейді Назерке. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0