Orda.kz сайтының бас редакторы Гүлнәр Бажкенова Kaspi банк алдында пикет өткізді

Қараша 1, 2025 - 11:49
Қараша 1, 2025 - 11:51
Orda.kz сайтының бас редакторы Гүлнәр Бажкенова Kaspi банк алдында пикет өткізді
orda.kz

Orda.kz сайтының бас редакторы Гүлнәр Бажкенова Kaspi банк алдында пикет өткізді, деп хабарлады sadaq.kz.

Бұл кезде Kaspi.kz жұртшылыққа өзінің жаңа қызмет түрлерін таныстырып, арнайы жиын өткізіп жатқан еді. Жиынға блоегрелер мен журналистер шақыртылған. 

Гүлнәр Бажкенова өзінің бұл әрекетін  Kaspi банктің алаяқтыққа алып баратын қадамдар жасап жатқанымен түсіндірген. 

"Kaspi ұсынған ең басты «жаңашылдық» – әлеуметтік желілерге 5 минутта қол жеткізу, яғни бөгде адамның аккаунтын бұзып кіру. Мұндай бассыздық үшін олардың жазасыз қалуын баса айта кету керек.

Kaspi тарапынан тағы бір «жаңалық» деуге болатын қадам – мемлекеттік деректер қорындағы азаматтардың жеке мәліметтерін пайдаланып жасалатын алаяқтықтар.

Біз мұндай заңсыздыққа қарсымыз!", - делінген сайттың әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Orda.kz (@ordakazakhstan)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow